Бәйге: "Мен көрген блогкемп: Құрылтай - 2013": Қорытынды!

Сөре: Ақ жалау төмен қарай лап етті…
Кетті!
Дүбір!
Қалың шаң!
Үздік-создық…
Дара!
Мәре!
Бір аптаға созылған «Мен көрген блогкемп: Құрылтай — 2013» байқауы мәреге жетті!
Алғыс, баршаңызға: пост жазып еңбектенгендерге, қатысып ниет еткендерге, қатысушыларды көтермелеп, қиқу қосып, дем бергендерге…
Қазылар алқасының шешімі шықты. Жеңімпаздардың есімі белгілі.
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: Aldeken

Алдан Жылгелдi — Aldeken
Алдан Зашитұлы Жылгелді, 1981 жылдың 23 наурызында Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді. Қазір Астана қаласында тұрады. 1987 – 1997 жылдар аралығында 5 рет мектеп ауыстырып, оқушылық өмірдің соңғы 4 жылын Алматыда Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта өткізді. Студенттік өмірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті мен Қайнар Университетінде өтті. Мамандығы — тарихшы, заңгер. Кәсібі — мемлекеттік қызметкер.
Басы бос емес, ішінде ми бар))))))))) отбасында бір келіншегі мен 2 ұлы бар (бала саны болашақта өзгеруі керек, тиісті шаралар қабылдануда. ))))) )

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфомен алғаш таныстығым ұмытпасам 2005 жылы болды-ау деймін. Арнайы сілтеген, шақырған ешкім болған жоқ, бір мәліметтерді іздеп отырып келдім. Ол кезде тіркелу қайдааа, ішіндегі жынды пікірлерді көріп, бір жағынан өзім ойнап жүрген қазақша КВН-ге айтылған сынды көріп, «ренжіп» кетіп қалғаным бар… Содан кейін, Солай.де-ге тап болып, онда тіркеліп, пост жазбасам да анда-санда пікір жазумен шектеліп жүрдім. Осы керекке биыл қыркүйекте тап болдым аяқасты. Содан тіркеліп, алғаш рет пост жазуға әрекет жасап жүріп жатқан жағдай… Опшым, барлығы секілді ғой менің келуім…
Әрі қарай